Абай облысында мектепте оқушыларға күшпен намаз оқытып, діни білім берген
Абай облысының бірқатар мектеп-интернатында оқушыларға намаз оқытып, діни білім беріп келгені анықталды.
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі қарау барысында «Ертіс», «Камал», «Болашақ Дарын» және «Болашақ Семей» мекемелерінің балалардың өмірі мен денсаулығына байланысты заңнаманы өрескел бұзғаны белгілі болған.
Іс жүзінде бұл төрт мекеменің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келген:
• ата-аналар балаларын оларға тәрбиелеуге берген, ал әрбір бала отбасында тәрбиеленуі тиіс,
• олар тиісті лицензиясыз білім беру қызметін жүзеге асырып, балалардың тиісті білім алу, тәрбие мен дер кезінде медициналық көмек алу құқығы мен бостандығын айтарлықтай бұзған.
Сонымен қатар, қайырымдылық мекемелерінде ата-аналарының келісімінсіз діни бағыттың бар екені анықталды – балалар бес уақыт намаз оқып, діни әдебиеттерді оқыған.
«Сотта тексеру барысында анықталған жағдайлар толық расталды, осыған байланысты талап арыз қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», – деп мәлімдеді сотта.
Сіздің реакцияңыз қандай?