Ақмола облысында шаштараз жігіт 195 грамм есірткімен қолға түсті

Қазан 31, 2023 - 16:55
Ақмола облысында шаштараз жігіт 195 грамм есірткімен қолға түсті

Ақмола облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Polisia сайтының хабарлауынша, Ақмола облысына қарасты ауылдардың бірінде есірткіге мас  ер адам мен оның дос қызы қолға түскен. Полицейлер олао мінген көлікті тінту кезінде 195 грамм, яғни, аса ірі көлемде синтетикалық есірткі табылған.

“Жүргізушіні ұстау үшін жедел қызметкерлер арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тартты. Басқа елді мекенге кірген кезде жүргізуші ұсталды. Бір қызығы, ер адамның өзінен басқа, салонда оның қыз досы да болған, екеуі де есірткіге мас болған. Жеке тінту барысында 36 жастағы жүргізушіден 195 грамм мефедрон бар байлам табылып, тәркіленді. Ұсталған адам Павлодар қаласының тұрғыны екені және шаштараз болып жұмыс істейтіні анықталды. Алайда негізгі жұмыстан басқа, ол психотроптық заттарды тасымалдаған”,-деп жазады polisia.kz сайты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow