Алматыда толғағы қысқан келіншек кептелісте босанып қала жаздады

Қазан 24, 2023 - 17:11
Қазан 24, 2023 - 17:12
Алматыда толғағы қысқан келіншек кептелісте босанып қала жаздады

Алматы қаласында толғағы келген әйел кептелісте босанып қала жаздады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz. 

Абырой болғанда жол полициясының экипажы көмекке келіп, сәби перзентханада дүниеге келген. Алматы полициясының хабарлауынша, полиция аға лейтенанты Нұрлан Исмаилов пен Әділет Нематовтан құралған мамандандырылған батальонның экипажына Рустам есімді қала тұрғыны келіп көмек сұраған.

«Әріптесім екеуміз Сейфуллин даңғылында қызмет атқарып жүрдік. Қасымызға көлік келіп тоқтады, жүргізуші әйелінің көлікте толғатып жатқанын айтты. Перзентханаға тез жету үшін көмек сұрады», - Әділет Нематов.

Жол полициясы қала тұрғынының көлігін ертіп, Алматының келесі жағында орналасқан №3 перинаталдық орталыққа санаулы минуттарда жеткен.

 «Полиция қызметкерлерінің арқасында біз кептелістен тез өттік. Жарты сағаттан кейін әйелім босанды. Бұл менің үшінші қызым. Полицияға алғысым шексіз. Әйелім мен қызым қазір үйде, бізде бәрі жақсы», - деді Алматы қаласының тұрғыны.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow