АМӨЗ-де тағы дау: басшылық тарапынан көрсетілген қысымға шыдамаған бөлім басшысы өз-өзіне қол жұмсаған

Шілде 17, 2024 - 17:02
Шілде 17, 2024 - 17:10
АМӨЗ-де тағы дау: басшылық тарапынан көрсетілген қысымға шыдамаған бөлім басшысы өз-өзіне қол жұмсаған

Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) қызметкері Нұргүл Сағынбаева жолдасы Асылбек Ұрынбаевтың өліміне АМӨЗ департамент директоры Арыстан Серік Бейсешұлы, бастықтың орынбасары Ғалима Ғизатуллина және Ғапу Ардақ есімді азаматтар, сонымен қатар, кәсіпкер, мердігер Болат Бушановтың себепкер болғанын айтып, Мемлекет басшысына үндеу жолдады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпараттық порталы. 

2024 жылдың сәуір айында АМӨЗ әкімшілік бөлімінің бастығы Асылбек Ұрынбаев өз-өзіне қол салған. Қайғылы оқиға болардан бірер күн бұрын зауыт басқармасы алдында Ұрынбаев пен  транспорттық бөлімше ЖШС директоры Болат Бушанов жаға жыртысып қалады. Оған себеп – болмай қалған тендер. Төбелес кезінде Бушановтың жанында Р.Жанғабылов пен бас инженердің м.а. Е.Сүлейменов те болған. Инцидентті бірқатар зауыт қызметкерлері көрген және бейнебақылау камерасына да түсіп қалған. Алайда, Р.Жанғабылов пен Е. Сүлейменов оларды ажыратуға тырыспаған көрінеді. 

Нұргүл Сағынбаеваның айтуынша, зауыт басшылығы тарапынан көрсетілген қысым жолдасы Асылбек Ұрынбаевты өз-өзіне қол салуға итермелеген. 

«Наурыз айында тендер ұйымдастырылып, келісімшартты «БМ Инфинити» компаниясы жеңіп алған болатын. Бірақ, белгісіз себептермен келісімшарт блокталып, зауытқа компания тарапынан арыз түседі. Менің жолдасым маған бұл мәселенің Болат Бушанов пен оның  бөлімі қызметкерлері - Арыстан Серік Бейсешұлы, Ғалима Ғизатуллина және Ғапу Ардақтың жасап отырған ісі екенін айтқан болатын. Осы уақыт аралығында жолдасым Арыстан Серік Бейсешұлына «БМ Инфинитидің» келісімшарттың неге тоқтап қалғанын сұрап жатқанын бірнеше рет ескерткен. Алайда Болат Бушановтың ығына жығылған Бейсешұлы жолдасыма келісімшартқа қол қоюға рұқсат бермейді. Бірақ зауыт басшылығының алдында өзі сүттен ақ, судан таза болуы үшін келісімнің бұзылғанын жолдасымның мойнына ілгісі келген. Ол мұндай ойын Арыстанды шақырып алып өзіне де айтқан. Ал егер Арыстан жауапкершілік алмаса, жұмыстан қуылатынын жеткізген», - дейді ол.

Нұргүл Сағынбаева жолдасы көктемгі тасқын су салдарымен күресу жұмыстарымен көрші ауданға кеткенде әлдекім оның орнына келісімшартқа қол қойып жібергенін айтады. 

«Бұған бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео (Ұрынбаев пен  Бушановтың арасындағы төбелес) дәлел және зауыт қызметкерлері куә. Арыстан Серік Бейсешұлы мен Бушановтың арасында қандай сөзбайластық болғанын білмеймін, бірақ олар бұл жағдайда бар кінәні менің күйеуіме аудара салған. Жолдасым қайтыс болған күні мен бірден жедел жәрдем шақырып, әріптестеріме хабарластым. Менің басшыларым бірден жетті. Ал, Арыстан Бейсешұлы өзі келуге немесе қарамағындағыларды жіберіп көңіл айтуға да жарамады. Таңғы 5:00-те Бейсешұлына жолдасымның өлімі солардың мойнында екенін айтып хабарластым. Осы мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Бас прокуроры, ҚР ІІМ, ҚР Энергетика вице-министрі сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасынан істің әділ жүргізіліп, кәнілілер заң аясында жауапқа тартылуын қадағалауды сұраймын», - дейді ол.

Мәселенің мән-жайы төмендегі видеода.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow