ІІМ Руза Бейсенбайтегін жындыханаға жапқызған шенеуніктер туралы мәлімдеме жасады

Руза Бейсенбайтегін Павлодар қаласы әкімі аппаратының сол кездегі басшысы Қайыржан Оңғаров жындыхына қызметкерлерін шақыртып, ұстатып жібермек болған.

Қаңтар 26, 2024 - 10:37
Қаңтар 26, 2024 - 11:05
ІІМ Руза Бейсенбайтегін жындыханаға жапқызған шенеуніктер туралы мәлімдеме жасады

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Тіл жанашыры» Руза Бейсенбайтегін жындыхына қызметкерлерін шақыртып, ұстатып жіберген павлодарлық шенеуніктерге қатысты полициядан арнайы жауап алғанын хабарлады, деп жазады sadaqmedia.kz.

Бапи мырзаның айтуынша, ол өзінің депутаттық өкілеттілігін пайдаланып, ІІМ мамандарына арнайы сұрау салған:

 «Павлодар қаласының тұрғыны, 1958 жылы туған Бейсенбайтегі Руза Зайкенқызы 2024 жылдың 24 қаңтарында Павлодар қаласындағы Бекхожин көшесі 12/5 мекенжайында өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдардан мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткен. Жүнісовке дәл сол талапты қойған. Жүнісов "102" арнасына хабарласып, көмек сұраған. Сонымен қатар, өтініш беруші Жүнісовтың өзі оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған. Сондай-ақ, медициналық бригада келді. Бригада мамандары Бейсенбайтегінің орынсыз әрекеттері мен агрессия белгілері бар мінез-құлқын тіркеп, оны тексеру үшін "сандырақ бұзылыс синдромы" алдын ала диагнозын қойып, Павлодар облыстық психо-неврологиялық диспансеріне жатқызған», – деп жауап берген ІІМ депутаттың сауалына.

Сонымен қатар, ол Денсаулық сақтау министрлігінен де жауап күтіп отырғанын хабарлады.

DALA INSIDE арнасының жазуынша, қоғам белсендісін облыстық психологиялық-неврологиялық диспансерге қамау әрекеті тікелей Павлодар облысы әкімі Асайын Байхановтың араласуымен іске асқан. «Байханов Рузаның қоғамдық жұмысы әдемі отчеттарды бұза бергендіктен және Кремль пропагандистерінің назарына ілігуден қорыққандықтан осындай қадамға барды деген версия бар. Рузаны ақыл-есінен айрылысқан дегенге келтіру өте ұтымды жол болып тұр. Себебі, "әкімдік жындымен жынды бола алмайды" деген болашақ позицияға жақсы жол ашылмақ. Руза Бейсенбайтегі өз өңірінде қазақ тілінің қолдану аясы бойынша ұзақ жылдар бойы күресіп келеді. Алайда көп жағдайда ол еңбегі нәтижесіз қалуда», - деп жазады дерек көзі.

Жалпы «Тіл жанашыры» Руза Бейсенбайтегіне жасалып отырған шабуылдар мұнымен шектелмейді. Осыдан екі жыл бұрын да тура осындай оқиға болған. Нақты айтар болсақ, әкімдікке мемлекеттік тілде оқыту мәселесімен келген белсенді Руза Бейсенбайтегін Павлодар қаласы әкімі аппаратының сол кездегі басшысы Қайыржан Оңғаров жындыхына қызметкерлерін шақыртып, ұстатып жібермек болған. Кейін бұл шудың арты Қайыржан Оңғаровтың жұмыстан қуылуымен аяқталған еді.

">

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow