Алматы облысында шабандоздар ауыл ішін шулатты

Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Қазан 3, 2024 - 09:22
Қазан 3, 2024 - 09:22
Алматы облысында шабандоздар ауыл ішін шулатты
фото: baq.kz

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының жолдарында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережесін бұзған бір топ шабандоз анықталды, деп хабарлады Sadaqmedia.kz Алматы ПД-ға сілтеме жасап.

Құқық бұзушыларды аудан полиция қызметкерлері анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары жол ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол қозғалысының барлық қатысушыларын қоғамдық тәртіпті бұзбауға, жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow