Парламенттің бірлескен отырысында бітімгер күштерді жіберу мәселесі қаралады

19 қаңтарда парламенттің бірлескен отырысында депутаттар бітімгер күштерді жіберу мәселесін қарайды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты.

Қаңтар 18, 2024 - 15:11
Парламенттің бірлескен отырысында бітімгер күштерді жіберу мәселесі қаралады

Бұл туралы бейсенбі күні сенат депутаты Ақмарал Әлназарова журналистерге мәлімдеді.

"БҰҰ айқындайтын ҚР бітімгер күштерін жіберу мәселесі көтеріледі. Тұтас алғанда бұл шешімді мемлекет басшысының ұсынысымен парламент қабылдайды. Сондықтан Конституцияның 53-бабына сәйкес осы мәселе күн тәртібіне енгізіледі" деді Әлназарова.

Депутат нақты қай елге Қазақстан бітімгер күштері жіберілейін деп отырғанын айтпады.

"Әзірге айта алмаймын. Жалпы бұл [бұрыннан] бар тәжірибе, Қазақстан өз бітімгер күштерін жіберіп жатыр... Қазір БҰҰ анықтады, ертең отырыста бәріміз бірге естиміз" деді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow