Сотталған вайнерлер апелляциялық шағым түсірді
Сот процесінде олардың түрмеде қалу-қалмау мәселесі шешіледі, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов апелляциялық шағым түсірді. Ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады.
Зардап шеккендер Алматы полициясына 2021 жылдың сәуір айында ұжымдық өтінішпен жүгінген. Олар компания тендерлерде ақшаны "айналдыруды" және оның орнына ай сайын жоғары пайыз төлеуді ұсынды деп мәлімдеген. Бірақ соңында олар алданып қалған. ASTEX басшысы ұсталды. Astex агенті болған Mudarabah Capital компаниясының қызметкерлері де қамалған.
Былтыр сәуір айында қаржы пирамидасына 20 млн теңге салған әйел өзін ІІМ ғимаратының жанына өртеп жіберген болатын.
Әлеуметтік желі қолданушылары компанияны Қазақстандағы танымал вайнерлер Мейіржан Тұребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев жарнамалағанына назар аударған. 2022 жылдың 10 ақпанында олар қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінгені белгілі болды. Сот процесінде олар өздерін кінәсіз деп санаған.
Іс бойынша үкім 2023 жылдың маусымында шығарылды. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қауіпсіздігі ең төмен колонияда бес жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қаржы пирамидасын құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Саидбаев іздеуде жүр.
2023 жылдың желтоқсан айының соңында Бішкекте пирамида құрып, оған басшылық жасады деген күдіктілердің бірі ұсталған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?