«13 жасымнан төсек қатынасы басталды»: Никабтағы бойжеткен сақалдылар туралы бар шындықты жайып салды

Ол өзін сүйдім-күйдім деп кейіннен жіпсіз байлап құлдықта ұстаған ер адамның айуандығын айтты.

Қыркүйек 13, 2024 - 14:10
Қыркүйек 13, 2024 - 15:19
«13 жасымнан төсек қатынасы басталды»: Никабтағы бойжеткен сақалдылар туралы бар шындықты жайып салды
Фото - Caravan.kz

Танымал заңгер Айгүл Орынбек никабтағы Айша есімді бойжеткенмен тілдесіп, діндегілердің өміріне қатысты біраз шындықтың бетін ашты. Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Заңгерге сұхбат берген Айша есімді қыз адам сенгісіз жайттармен бөліскен. 

«Айша есімді енді ғана 18-ге толған бойжеткеннің тағдыры елді шошытты. Ол 13 жасынан бастап ер адамның қорқыту, зорлау, попсалауында болған. 7-сыныпқа дейін жақсы оқыдым деген қыз әрі қарай мектепті де тастапты.

Полициядан көмек болмағандықтан қорғансыздың күнін кешкен айша заңгерге бар шындығын жайып салды.

Ол өзін сүйдім-күйдім деп кейіннен жіпсіз байлап құлдықта ұстаған ер адамның айуандығын айтты. 2005 жылы туған қызды 18-ге толмай тұрып көзімше төсектес болды дейді бойжеткен. Одан бөлек сол ер адамнан кетер болса «жалаңаш фото-видеоңды жамағат арасына таратамын» деп шошытқан. Ол дегеніңіз ертеңгі күні «халал жезөкшеге айналасың» деген сөз», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow