Қазақстанда атом электр станциясын салуға қанша ақша қажет екені белгілі болды
"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС-ның бас директоры Тимур Жантикин Zakon.kz ақпарат агенттігінің сұрағына жауап бере отырып, Қазақстанда салынады деп жоспарланып жатқан АЭС-тің құрылысына қанша қаражат кететінін мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.
Дереккөзге сүйенсек, бірінші станцияның құрылысына шамамен 10-15 млрд доллар қаражат керек.
"Қазір қаржыландыру көздері әлі пысықталып жатыр. Жалпы алғанда, ақша халықаралық қаржы институттарынан тартылады. Әзірге жоба коммерциялық, яғни, мемлекет араласпайтын жоба болады деп қарастырылып жатыр", - деген Жантикин.
Айта кетейік, Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі өте өткір тақырыпқа айналды. Қоғамның пікірі екіге жарылған соң, президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде АЭС салу-салмау мәселесін жалпы халықтық референдумға шығару туралы ұсынысын мәлім еткен еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?