«Біз де тірі адамбыз ғой...». Досаев халықпен кездесу кезінде неге эмоцияға берілетінін түсіндірді
Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар орталығындағы баспасөз конференциясына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды sadaqmedia.
Қаланың әлеуметтік-экономиканың дамуынан басқа журналистер Ерболат Досаевқа халықпен кездескен кездегі мінез-құлқы туралы сұрақ қойды.
«Сіздің халықпен кездескен кездегі әрекетіңіз әлеуметтік желіде көп сыналады. Сұрақ қоюуға келген халыққа жекіп, ұрсып тастайсыз. Тіпті президент Тоқаевтың өзі халықпен кездескен кезде сіз секілді өзін өктем ұстамайды. Халықтың алдына келген кезде неге өктем сөйлейсіз, Бұл мемлекеттік қызметшіге тән қасиет пе?», - деді сұрақ қойған журналист.
«Шынымды айтсам, бұл сұрақ өткен жылдан бері көтеріліп жатыр. Халықпен алғашқы кездесулерде эмоция көп болған еді. Өздеріңіз білесіздер, кездесулер 5-6 сағатқа созылатын. Кездесулердің видеосы желіде бар. Ұрсысып жатырмын ба, жоқ па, қарап шығыңыздар. Халықты сыйлап, сұрақтарына жауап бердім. Бірақ көп кездесуге адекватты түрде немесе керісінше адекватсыз түрде келетіндер бар. Оның бәрі халықтың сұрағы емес. Кездесуде дауысын көтерген соң «мұнда көп халық жиналған соң шыдамды болыңдар» деп сабырға шақырамын. Олар естімегеннен кейін біз де тірі адамбыз. Былай қарасақ, халықты және қала тұрғындарын сыйламын. Одан бөлек кезде қалада жүремін, ресми кездесулерім бар. Бәріміз өзгереміз ғой. Сондықтан ескі ақпаратты айтып отырған сияқтысыз», – деді Алматы әкімі.
«Яғни халықтың алдында өктем сөйлеген қателігіңізді мойындайсыз ғой» деген журналисттің нақтылау сұрағына әкімдер «Сонша жылдан бері проблема шешілмеген соң, эмоция қайнап кеткен кездер болады. Қателіктер әр адам да бар, менде де бар» деп қысқа қайырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?