Коллекторларға азаматтардың несиесін сатуға шектеу енгізу ұсынылды

Желтоқсан 20, 2023 - 17:33
Коллекторларға азаматтардың несиесін сатуға шектеу енгізу ұсынылды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды sadaqmedia

Осы мәселе бойынша баяндама жасаған депутат Татьяна Савельева депутаттар бастамашы болған бұл құжат несие беру саласына қандай өзгерістер ұсынатынын мәлімдеді.

Атап айтсақ, Савельева хабарлағандай, заң жобасы бойынша енді алдыңғы несиесінде мерзімі өткен берешегі бар адамға жаңадан тұтыну несиесін алуға тыйым салынбақ. Егер азамат несиесін 90 күн бойы өтей алмаса несиенің пайызы есептелмеуі мүмкін.

«Сонымен қатар, заң жобасы банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың несиелерін коллекторлық агенттіктерге сатуына шектеу қоюды көздейді. Кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасыларды жылу беру маусымы кезінде берешегі үшін жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу қарастырылған», - деді Савельева.

Айта кетейік, заң жобасында сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңінде мерзімді әскери қызметшілерге қарыздар бойынша міндетті кейінге қалдыру талабы енгізілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow