Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан және Катонқарағайда әуежай салынады – Көлік министрі
Қазақстан шалғайдағы бірнеше қала мен аудан орталықтарында әуежай салады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.
«Алдағы 2-3 жылға арналған жоспарда Балқаш (8,3 млрд.) және Үржар (3,5 млрд.) әуежайларын жаңғыртуды жүзеге асыру, тағыда, Қарқаралы (10 млрд.), Ұлытау (10 млрд.), Зайсан (16 млрд.) және Катонқарағай (23,2 млрд.) әуежайларын салу мәселесі пысықталып жатыр», - деді Қарабаев.
Ол сондай-ақ қазір отандық әуе компаниялары жаңадан 10 ұшақ сатып алатынын, осының арқасында әуе кемелеріндегі орын саны 26 пайызға өсетінін айтты.
«Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін қазіргі қол қойылған шарттарға сәйкес әуе паркі 25 ұшаққа көбейіп, 124 ұшаққа жетеді. Оған қоса, жүк тасымалы сегментін дамыту мақсатында 3 жаңа жүк авиатасымалдаушы құрылу сатысында», - деді Марат Қарабаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?