«Мәртебесіне сай келмейтін әрекет жасаған»: Ақжол партиясының депутаты парламенттен қуылды
Мәжіліс депутаты Асқар Садықов мандатынан айырылды деген ақпарат тарады.
Орталық сайлау комиссиясының мұндай қадамға баруына «Ақ жол» демократиялық партиясының ұсынысы негіз болған.
"Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұлттық кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 1 қаулысының қабылдануына байланысты Асқар Аманбайұлы Садықовтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы парламенті", – делінген хабарламада.
Ал партия жетекшісі Азат Перуашев өзінің Telegram-арнасында бұл шешімге "А.Садықовтың депутаттық мәртебеге келмейтін әрекеттері негіз болғанын" айтты.
"Бұл шешімге А.Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды", – деп жазды Перуашев.
Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң, Асқар Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?