Путин Қазақстан, Беларусь, Молдава тұрғындарының орыс паспортын алуына жеңілдік жасады
РФ президенті Владимир Путин тиісті қаулыға қол қоя отырып, Ресей азаматтығын аламын деген Қазақстан, Беларусь, Молдава елдерінің өкілдері үшін осы процесті жеңілдетті, деп хабарлайды sadaqmedia «РБК» агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Дәлірек айтқанда, Ресей төлқұжатын аламын деген осы елдің тұрғындары үшін соңғы бес жылда Ресей аумағында тұру керек деген талап жойылып отыр. Беларусь тұрғындары үшін сондай-ақ орыс тілін, тарихы мен заңын білу керек деген талап жойылды.
Ал, молдаван мен қазақтар үшін орыс тілін білу керек деген талап өзгеріссіз қалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?