Онлайн-петиция туралы заң 2024 жылдың сәуірінен бастап қана күшіне енеді

Желтоқсан 14, 2023 - 16:27
Онлайн-петиция туралы заң 2024 жылдың сәуірінен бастап қана күшіне енеді
Фото: primeminister.kz

Онлайн-петиция туралы заң 2023 жылдың қазанында қабылданғанымен, 2024 жылдың сәуірінен бастап күшіне енеді. Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia. 

«Заң қазан айында қабылданғандықтан, ол алты ай өткен соң, яғни, 2024 жылдың сәуірінен бастап күшіне енеді. Міне, с ол кезден бастап петиция бастауға негіз бар. Қазір бұл бағыт заңмен реттелмейді. Қазір азаматтар E-Otinish арқылы өздерін мазалаған мәселені көтере алады.  Бұл порталға бір адам өтініш жазды ма, әлде 150 адам өтініш жазды ма, мемлекет бәрі бір жауап беруге міндетті», - деді Данияр Қадыров. 

Айта кетейік, жуырда қазақстандықтар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бастама көтеріп, ол петицияға 150 мыңнан астам адам қол қойған еді. Алайда, Данияр Қадыров бұл петицияның ешқандай заңды күші жоқ екенін еске салды. 

«Қазір ол петицияның күші жоқ. Платформа тек жарты жылдан кейін іске қосылады. Сондықтан, сәуір айынан бастап қазақстандықтар осы заңдағы құқықтарын пайдалана алады. Мәслихат деңгейіндегі мәселе 2500 астам дауыс жинау керек, ал, үкімет деңгейіндегі мәселе 50 мың дауыс жинау керек», - деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow