«Дәстүр» кинокартинасы бықсып қалды

Қаңтар 5, 2024 - 12:01
Қаңтар 5, 2024 - 12:06
«Дәстүр» кинокартинасы бықсып қалды
Белгілі аудармашы Ерлан Ысқақовтың «Дәстүр» фильмі туралы пікірі: 
Нұрсұлтан мен Болат біраз былықтырған екен... Біраз жанның обалына қалған екен... Басы жақсы болып еді, кейін қуып, шайып кетті...
«Дәстүрді» айтам...
Фильм ұнады дегендерге қосылмаймын. Дегенмен билет алып көргендердің қатарындамын, фильмге жасаған бар промоушенім осы болсын, бұл да аз дүния емес.
Фильмде штамп көп, жасандылық көп, пісіп-жетілмеген, түбі анық емес, біраз нәрсе араласып, шатасып кеткен қарабайыр ұстаныммен жасалған картина. Былықтың бәрін сүре оқып жазуға болатын болса, шіркін... Тұрмыстағы зорлықтың да көзін солай құртуға болатын болса (фильм соңында экранға шыққан мэсседждің претенциозный екенін айтсаңшы).
Жасанды емес, нағыз «аутентика» деуге болатын бір-ақ нәрсе байқадым: кадрдағы тамаққа, ыдыс-аяққа қонып, кетпей жүрген шыбындарды айтам.

Тайға таңба басқандай, біраз адам байқағандай, америкалықтардың «культовый» боп кеткен «Экзорцистінің» де, Говорухиннің «Ворошиловский стрелогының» да, тіпті Балабановтың «Груз 200» атты әсерлі де жиіркенішті фильмінің элементтерін байқадым (мұны кемшілік деп тұрғаным жоқ, просто байқадым, аталған туындылар қатарына қосатындай фильм дегеннен аулақпын).
Хоррорды да, триллерді де сапалы түсіруге болат (иә, «болат»), жақсы талғаммен түсіруге болат. Өнерді кейбіреулер кеудені қақ жарған тас іспеттес: жарғанда да тесіп өтпейді, іште тұрып қалып, бірте-бірте ұсақталып, ыдырап, бықсиды, бойыңа осылайша әдеттен тыс жолмен әсер етеді дейді. Мына кино да біреуге «өнер» шығар, талғамға талас жоқ... Маған өтпеді, бықсып қана қалды...
Мақала Facebook парақшасынан алынды

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow