«OLIMP KZ» букмерінің ісі: тағы бір күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Желтоқсан 6, 2023 - 11:43
Желтоқсан 10, 2023 - 12:21
«OLIMP KZ» букмерінің ісі: тағы бір күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: ҚазТаг

«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдіктінің сыбайласы елге экстрадицияланды, деп хабарлайды sadaaqmedia.

Айта кетейік, жуырда, 18 қарашада «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын.

«Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады. Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген», - деп хабарлайды Бас прокуратура. 

Осы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келгені белгілі болып отыр. 

«Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлайды дереккөз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow