Семейде теміржол қызметкерлерін бопсалаған «блогер» ұсталды
Семейде бірнеше жыл бойы темір жол қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды, деп хабарлайды sadaqmedia.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, бұл адам Семейден ел ішіне және шет мемлекеттерге қатынайтын пойыздарға билет алып, жолаушы сияқты сапарға шығатын. Пойыз ішіндегі олқылықтарды видеоға түсіріп, жолсеріктерден «видеоны көптің назарына ұсынамын» деп ақша бопсалап келген. Осылайша, шамамен 60 жолсерік «блогерден» қорыққандықтан, оған ақша беріп отырған. Полицияның дерегіне сүйенсек, 2021 жылдан бері «блогердің» шотына 48 млн теңге түскен екен.
«Көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іздестіру шаралары кезінде Семей тұрғынын қолға түсірді. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Қазір сот санкциясымен қамауға алынды», - деп хабарлады polisia.kz сайты.
Сіздің реакцияңыз қандай?