Адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына қосылды
Енді оны өсіруге, үйде сақтауға болмайды. Сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған.
Ресейде құрамында есірткі зет бар тыйым салынған өсімдіктер қатарына адыраспан да енгізілетін болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат порталы.
Тыйым салынған өсімдіктердің тізіміне енуіне құрамындағы психтропты алкалоид себеп болған. Енді оны өсіруге, үйде сақтауға болмайды. Сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған.
Адыраспан қазақ халқы үшін киелі өсімдік. Ұлттық сенімде "бәле-жаладан сақтайды" деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге, кереге басына іліп қояды. Ал жаңа үйге кірерде, құтты қонысқа көшіп барғанда босағаға "жын-шайтан мүлдем жоламасын" деп адыраспанмен аластаған.
Сондай-ақ, жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, үйді аластайтын болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?