«Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станцияларының атауы өзгереді

Біріншісі енді «Астана», екіншісі «Нұрлы жол» деп аталады.

Қаңтар 9, 2024 - 13:49
«Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станцияларының атауы өзгереді
2gis

Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, қазақстанда бірқатар темір жол станциялары мен разъездерінің атауын өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды sadaqmedia.kz

Оның ішінде:

  • Нұр-сұлтан темір жол станциясын – Астана темір жол станциясына;
  • Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын –  Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген. 

Олардан бөлек, келесі станция және разъезд атауы өзгереді: 

Жетісу облысы:

  • "БП Алматы бөлімшесі" филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне; 

Қызылорда облысы:

  • Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына;            

Маңғыстау облысы:

  • Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;
  • Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне;
  • Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;
  • Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына;

Атырау облысы:

  • Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow