«Қазақстан темір жолы» мен Abu Dhabi Ports Group бірлескен кәсіпорын туралы уағдаласты
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі порт - Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады, деп хабарлайды sadaqmedia.
Тоқаев бұл кездесуде Қазақстан Ақтау және Құрық порттарын дамытуды көздеп отырғанын айтқан. «Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси Abu Dhabi Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады», - деп хабарлайды Ақорда.
Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын «Солтүстік – Оңтүстік» бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты. Тоқаевтың айтуынша, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.
«Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» мен ADP арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді», - деп жазады Ақорда.
Сіздің реакцияңыз қандай?