Оралда анасы туған қызын бөтен ер адамдарға сатқан

Қараша 27, 2023 - 15:31
Қараша 27, 2023 - 15:32
Оралда анасы туған қызын бөтен ер адамдарға сатқан
Сурет ашық дереккөзден алынды

Батыс Қазақстан облысында 35 жастағы келіншек өзінің 17 жасар туған қызын жезөкше ретінде сатқан. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің брифингісінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Полицияның мәліметіне сүйенсек, анасы қызын үш ай бойы сатып, табысты қалтасына басып отырған. 

"Орал қаласының 35 жастағы тұрғыны үш ай бойы туған қызын жезөкшелікке тартқан. Қыз 2006 жылы туған, қаладағы колледждердің бірінде оқиды. Шешесі оны жалдамалы пәтерге апарып, ер адамдармен жыныстық қарым-қатынасқа түсірген. Клиенттерді интернеттен тапқан, ал, ақшаны қалтасына басып отырған",-дейді Нұрмағамбетов. 

Кәмелет жасына толмаған қызын жезөкшелікке итермелегені үшін әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow