Еуро-2024 іріктеу кезеңі: Футболдан Қазақстан құрамасы елге оралды

Қараша 21, 2023 - 14:11
Еуро-2024 іріктеу кезеңі: Футболдан Қазақстан құрамасы елге оралды
Фото: Спорт министрлігі

Кеше Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларымен кездесіп, ақарсыластарына есе жіберген Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін елге оралды, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Спортшылары Назарбаев халықаралық әуежайынан Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев қарсы алды. 

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Маржықпаев іріктеу кезеңіндегі жақсы ойындары үшін ұлттық құрама спортшыларына алғыс айтқан. 

"Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше әсер, эмоция сыйладыңыздар. Өз ойындарыңыз арқылы жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарып, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтердіңіздер. Кеше түнде бүкіл ел ұйықтамай, сіздер үшін теледидар алдында тақым қысып, жанкүйер болды. Сіздер бұл додада үлкен ерлік жасап, қазақ халқын бір мақсат аясына ұйыстыра алдыңыздар. Бұл ерліктеріңіз көпке үлгі, мыңдаған жас бала сіздер сияқты болуды, болашақта ұлттық құрама сапында ойнауды армандайды", - деген министр. 

Айта кетейік, ұлттық құрама кеше Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларымен кездесіп, аса тартысты өткен ойында қарсыластарына 2:1 есебімен жол берді. Осылайша, олар Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне іріктеу сайыстары арқылы тікелей жолдама ала алмаса да, құрлық додасына шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Енді жерлестеріміз Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы Еуроға шығу үшін тағы бір мәрте талпынып көреді. Бұл сында біздің жігіттерді 2004 жылғы Еуропа чемпиондары – Грекия құрамасы күтіп тұр. Матч 2024 жылдың наурыз айында Афинада өтеді деп жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow