«Бір отырғанда 124 мың теңгеге ішіп-жеген»: Садақаның ақшасына имамдар ресторанда тамақтанып жүр

Қазан 2, 2024 - 12:51
Қазан 2, 2024 - 16:13
«Бір отырғанда 124 мың теңгеге ішіп-жеген»: Садақаның ақшасына имамдар ресторанда тамақтанып жүр

Журналист Ораз Әлімбеков өзінің  Facebook-тегі парақшасында Түркістан мұсылмандарының пітір-садақасы кімнің құлқынына кетіп жатқанына қатысты жазба салды. Ол Бас имам Ержан Төлепов мейрамханада жеген тамағын неге өзі төлемейтінін айтып наразылық білдірді, деп жазады democrat.kz.

Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің өңірге жасаған іссапары үшін молдалардан миллиондап ақша жинағанын мойындамай қойды. Ол ақша Бас мүфти үшін емес, «молдалар газет-журналға жазылу үшін жинаған, байқамай менің каспиголдыма аударыпты» деп өтірікті соғып жіберді.
Астанадан аттестация алу үшін мүфтияттан келген комиссия мүшелері үшін жиналған миллиондарды да мойындамады, бас имамның молдаларға арнап кеше жазған хатындағыдай ол ақша аттестация тапсыратын қарапайым имамдарды тамақтандыруға жұмсалыпты-мыс. (хат мәтіні төменде).


Ал аттестация тапсырған имамдар экзамен күндері өз ақшамызға тамақтандық деп маған арызын айтты… Мейлі ғой, бас имам жамағатын алдағанымен, ешқашан Шындықтан қашып құтыла алмайды – молдалардан жиналған ақша Бас мүфти мен мүфтият комиссиясының құлқынына арналғанын әлі талай чекпен дәлелдеп берем.   Әзірге бұл мәселені қоя тұрып, түркістандық мұсылмандардың мешіттерге берген пітір-садақасы кімнің құлқынына кетіп жатқанын айтайын.

Бас мүфти Н.Өтпенов былтыр көктемде Ержан Төлеповті Түркістан облысының бас имамы қылып тағайындады. Ол қасына іс басқарушы етіп Алимханды алды. Содан бастап оны лайықсыз қызметімен құттықтап келушілердің легі таусылған емес.    
2023 жылдың соңында Е.Төлеповқа «құтты болсын» айтып Түркістанға Астанадан Қалижан Заңқоев, Ерболат Жүсіпов секілді рулас үш-төрт имам келді. Бас имам қонақтарды «Кәусар» мейрамханасына ертіп барды, олар бір отырғанда 114 мың 200 теңгенің тамағын жеді. Е.Төлепов «ақысын ертең төлейміз… аумин» деп кеткен. Рас, төлемей туалай алдап кеткен жоқ әрине.    
Бірақ мейрамхана егелерін әбден «зар жылатып» жүріп қарызды әрең берді. Ол ақшаны Е.Төлепов қалтасынан шығарған жоқ. Бас имамның бухгалтері Құрманбекова мешітке жиналған ақшадан 110 мыңды «Кәусардың» қожайынына аударды. «Кәусардың» қожайыны Муратбек: «4200 тенге остаток тоже осы номерге аударып жіберіңіз» деген соң қалған соманы да жіберді (суретті қараңыз).

Осы оқидан кейін үш-төрт күн өтпей жатып, Е.Төлеповқа «құттыбосын» айтып тағы 4-5 кісі келді. Бас имам болып патшаның көңіл-күйіне бөленіп жүрген Төлепов оларды «Кәусарға» емес, бұл жолы «Тандыр» мейрамханасына апарды.   Олар бір отырғанда 124 мың теңгенің тамағын ішіп-жеді. Дастархан иесі Төлепов бұл жолы да қалтасынан ақша шығарған жоқ.
«Тандыр» мейрамханасы үшін осы 124 мың теңге жыр болды: «ішкен тамақтарыңның ақшасын қашан төлейсіңдер…» деп зарлаумен болды, бірақ тас төбеде Құдай көріп тұр екен, үміті үзілген жоқ.   «Тандырдың» зары Құдайдың құлағына 10 айда жетті… әйтеуір. Әдеттегідей бас имамның бухгалтері Құрманбекова мешітке жиналған ақшаны кассадан суырып алып «Тандыр» қожайынының каспиголдына 124 мың аударды.  
Міне, түркістандық жамағат, сендердің мешітке «Алланың ризашылығы үшін» деп берген пітір-садақаларың кімнің құлқынына кетіп жатқанын дәлелдейтін бір факт — осы. Қажет десеңдер, бас имамның мешіт мүлкін орынсыз пайдаланып, тағы қандай ысырап жасап отырғаны жөнінде тағы бір пост жазармын, деген ол парақшасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow