Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бишімбаевқа қатысты фейк пікірі тарады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты жалған мәлімдемесі тарады, деп жазады sadaqmedia Stopfake сайтына сілтеме жасай отырып.
Фейк ақпаратта Тоқаев "Қуандық Бишімбаев әйелін қасақана өлтірмесе, ол кінәсіз" деген "пікірі" жазылған.
"Айта кетейік, фейктің бастапқы дереккөзі – Qazinform24 сатиралық аккаунты. Ол Instagram-да ойдан шығарылған жаңалықтарды жариялайды. Бұл туралы парақшаның профилінде жазылған", — деп хабарлайды Stopfake.
Естеріңізге сала кетейік, шын мәнінде Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдарға экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?