Қонаевта екі полицей оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оқиғаны бейнеге жазған — Дина Таңсәрі

Қараша 17, 2023 - 07:14
Қараша 20, 2023 - 09:28
Қонаевта екі полицей оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оқиғаны бейнеге жазған — Дина Таңсәрі
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қонаевта екі полицей оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оқиғаны бейнеге жазған — Дина Таңсәрі
Қонаевта екі полицей оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оқиғаны бейнеге жазған — Дина Таңсәрі

Қонаев қаласында қызметтегі екі полицей 14 жасар оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оқиғаны видеоға жазып алған. Бұл туралы анонимді дереккөзге сілтеме жасай отырып, "НеМолчи" ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia

"Шұғыл хабарлама! Бізге аноним хат жазған дереккөз Қонаев қаласында қызметтегі екі полицей лауазымын пайдалана отырып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскенін және оқиғаны видеоға жазып алғанын хабарлады. Ол видео қазір құқық қорғау қызметкерлері арасында таралып жатыр. Бізге белгілі болып отырғандай, оның біреуі кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі инспектор, екіншісі ғимараттарды қорғау жөніндегі полиция қызметкері. Қазір екеуі де тұтқындалып, құжат бойынша ерте жұмыстан босатылған",— деп жазды Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Қоғам белсендісі Алматы облысы полиция департаменті басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахмановтан осы оқиғаны растауын не жоққа шығаруын сұрайды. Сондай-ақ Бас прокуратураның бұл хабарламаны егжей-тегжейлі тексеруін талап етіп отыр. 

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынған болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow