Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы санының 20 миллион адамға жетуімен құттықтады, деп хабарлайды sadaqmedia.
“Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді” - деді президент желідегі жазбасында.
Ал, Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 14 қараша күні таңғы сағат 08.10-да туған бес бала Қазақстанның 20 миллионшы азаматы атанған. Үш ұл және екі қыз бала Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген.
Сіздің реакцияңыз қандай?