Астанада үш альпинистің өліміне күдікті ретінде жеке кәсіпкер ұсталды

Қараша 14, 2023 - 12:01
Астанада үш альпинистің өліміне күдікті ретінде жеке кәсіпкер ұсталды

2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қаза тапқан, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Астана қаласының прокуратурасы осы үш жігіттің өліміне күдікті ретінде жеке кәсіпкерді қамау туралы шешім қабылдаған.

"Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу барысында жұмыс беруші, яғни, жеке кәсіпкерлік басшысының осы іске қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды",-деп хабарлайды прокуратура.

Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы жеке кәсіпкерге  қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow