Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Талдықорған қаласы полиция басқармасының басшысы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды sadaqmedia.
Жәбірленуші Жетісу облыстық полиция басқармасына арыз түсірген.
"Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы 27 жастағы жергілікті тұрғынды зорлады деген күдікпен уақытша қамау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды",-деді Жетісу облыстық полиция департаментінің басшысы Ағытай Арыстанов.
Іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
Сіздің реакцияңыз қандай?