Спорт министрлігі жеңіл велосипед алып бермеді - пара спортшы, депутат Азия пара ойындары туралы

Қараша 8, 2023 - 18:48
Қараша 10, 2023 - 00:16
Спорт министрлігі жеңіл велосипед алып бермеді - пара спортшы, депутат Азия пара ойындары туралы
Сурет депутаттың жеке архивінен алынды

Жуырда Ханчжоуда өткен Азия пара ойындарында  велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алған болатын.  Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев командалық ойында Оңтүстік Корея командасынан алты минут, Индонезия спортшыларынан жеті минут артта қалып, қола жүлдеге ие болды.

sadaqmedia Парламент мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Кенжеғұл Сейітжанға жолығып, пара спортқа байланысты сұрақ қойды.

Кенжежұл Социалұлы, Азия пара ойындарында қол жүлде алғаныңызбен құттықтаймын. Пара ойындары қалай өтті? 

Төртінші пара Азия ойындары мен үшін өте жақсы көрсеткіш болды. Негізі әу баста алтын алу үшін барған едік. Бұрынғы Мәдениет және спорт министрлігі, қазіргі Туризм және спорт министрлігіне өте жеңіл қозғалатын карбон велосипедтін алып беруді айтқан едік. Аталған велосипед болмағандықтан, 7 минутқа кешігіп, ұтылып қалдық. Ұлдар мен қыздар командасы моральды тұрғыда және физикалық жағынан дайындалып барғанбыз. Кезінде өзі дүниежүзін аралаған әрі спортта күшті тәжірибесі бар азамат бас жаттықтырушы болған. Бірақ соған қарамастан екінші және үшінші орын алып қалдық. Кінә артпаймын, бірақ спортта жұмыс істейтін азаматтарға пара спортқа жақсы қараса деген уәжім бар. Мысалы, қаржыға мән беретін болсақ, пара спортқа соңғы жылдары 4 млрд 200 млн теңге, ал жалпы спортқа 16 млрд теңге бөлінген. Салыстыратын болсақ, пара спортшылар 41 медаль әкелдік, жалпы спорт 80 медаль әкелген. Біз 13 орынан 11 орынға көтерілсек, ал жалпы спорт 7 орыннан 11 орынға түсіп кетті. Осыдан-ақ айырмашылықты көріп отырған шығарсыздар. Өкпеміз қара қазандай. Ұзын сөздің қысқасы, бізге көп көңіл бөлгендеріңіз дұрыс шығар деп ойлаймыз.

Елге келгеннен кейін қалай қарсы алды? Әріптестеріңіз құттықтады ма?

Әріптестерім, әрине, құттықтады. Біз Алматыға ұшып келгенде әкімшілік, сосын, мүгедектігі бар азаматтардың клубы өте жақсы қарсы алды. Қателеспесем 131 спортшының 40-тан астамын гүл және музыкамен күтіп алды. Жалпы айтқанда жақсы қарсы алды. Бірақ 29 қазан - Жалпыұлттық аза тұту күні болғаннан кейін ресми іс-шаралар болған жоқ. Біз қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтамыз және жағдайға түсіністікпен қараймыз. Бірақ шығарып салған кезде  спортшылар Үкімет тарапынан назар аз екенін айтты. Мүгедектігі жоқ азаматтардың Азия ойындарына министрдің өзі барса, бізге комитеттің басшысы емес, басқарма басшысының орынбасары ғана барды. Комитет басшысы мүлде болған жоқ. Осының салдарынан пара спортта қатты дамып жатқан жоқ. Осындай сұхбаттардан кейін бізге көңіл бөле бастасаңыздар, пара спортшылардың жеңісі алда екеніне сенемін.

Алда қандай жоспарыңыз бар?

Алдағы жоспарым - Азия ойындарына қатысып, Францияда өтетін паралимпиадаға лецензия алу. Келер жылдың тамыз айында өтетін дүбірлі додаға қатысамыз деген үміт бар.

-Сұхбатыңызға рақмет!

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow