«2 см жетпей қалды»: Белгілі әнші өзінің бірнеше рет пышақталғанын айтты

Басымыз айналып қан жоғалтқан кездеріміз болды.

Сәуір 5, 2024 - 15:43
Сәуір 5, 2024 - 15:53
«2 см жетпей қалды»: Белгілі әнші өзінің бірнеше рет пышақталғанын айтты
Фото: әншінің инстаграм парақшасынан

Әнші Өмірқұл Айниязов жас кезінде бірнеше рет пышақталғанын айтты, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы

Ақтөбеде жатақханада тұрғанында жергілікті жігіттер тиіскен екен.

"Жас кезімде боксқа қатыстым. Бірақ үлкен жетістіктерге жеттім деп айта алмаймын. Десе де оның маған көмегі тиді. Біздің жас кезімде түрлі жағдай болды. Ақтөбеде жатақханада тұрғанда жергілікті жігіттер келіп, мазамызды алатын. Сол кезде оларға қарсы шығып, пышақталған уақытым болған. Ауруханаға түсіп жатқанда тергеушілер бір жағынан тергеп жататын еді. Сол уақытта бұл жағдайды ауылдағылар мүлдем білмейтін. Телефон, интернет деген жоқ кез ғой. Сол кездегі түсінік басқаша болатын. Қарындасым қасымда оқып жүрсе де, үйдегілерге тіс жармайтын. Басымыз айналып қан жоғалтқан кездеріміз болды. Пышақталғанда ішкі органға 2 см жетпей қалған. Одан кейін Алматы мен Талдықорған қалаларында да біраз жанжалдар болған", - дейді Өмірқұл Айниязов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow