Шұғыл! Құлсары қаласын су басып, тұрғындар пойызбен эвакуацияланып жатыр

Төтенше жағдайлар штабы Құлсарының 2 және 3 елді-мекендерін қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Сәуір 5, 2024 - 15:52
Сәуір 5, 2024 - 16:43
Шұғыл! Құлсары қаласын су басып, тұрғындар пойызбен эвакуацияланып жатыр

Атырау облысындағы жағдай әлі қиын. Жем өзені арнасынан асып, Құлсары қаласын  қарғын су басты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар штабы Құлсарының 2 және 3 елді-мекендерін қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдауға мәжбүр болған. Өйткені қаладағы екі көпірдің бірі бұзылып, екіншісі жабылған. «Бірінші кезекте әйелдер мен балалар, ауру және мүгедектігі бар азаматтар көшіріледі», - деді әкімдік өкілдері.

Қазіргі уақытта тұрғындарды қабылдау үшін 7 мектепте арнайы эвакуациялық  пункттер ашылған. Халыққа тек өзімен құжаттары мен ең қажетті заттарды алу қажеттігі айтылған. 
ТЖМ соңғы дерегі бойынша, дәл осы уақытта қаладан 130 адам эвакуацияланған. Оның 84 бала. 1-сәуірден бастап өзен жағасына 41 996 қап құмнан кедергі жасалған. Құтқару жұмыстарына ТЖМ және Қорғаныс министрлігінен 342, жергілікті тұрғындар мен волонтерлардан 4 мың 540 адам жұмылдырылған. Су қатерінен қорғану үшін 142 техника да жұмыс істеп жатыр. 

Тұрғындар пойызбен эвакуацияланып жатыр

ҚТЖ-ның хабарлауынша, теміржолдың барлық бөлімшелері күшейтілген режімде жұмыс істеуге көшкен.

«Су тасқынына байланысты Құлсары-Доссор жолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Азаматтарды шығару үшін арнайы пойыз бағыты ұйымдастырылды.
Құлсары станциясынан Атырауға 5 вагоны бар пойыз жолға шықты. Атыраудан Құлсарыға қарама-қарсы бағытта пойыз сағат 19:00-де жолға шығады. Шоқпартоғай және Мақат станцияларында аялдамалар жоспарланған.
Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады.

Темір жолдың барлық бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Айналма жолдар жүргізілуде, су жиналатын орындар анықталып, жол төсеніштерінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. жағдайын қадағалау шаралары күшейтілуде. Пойыз қозғалысына қауіп төндіретін суды ағызу шаралары жүргізіліп жатыр.
Эрозияға қарсы 45 пойыз қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған», - деп хабарлады ҚТЖ.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow