«2 көлік, бір пәтер алған»: Астаналық келіншек сау баласына ауру деп жұрттан ақша жинаған

Айналасы төрт жылда 1.7 млрд теңге жинап оған өзіне және күйеуіне автокөлік, Астанадан 2 бөлмелі пәтер сатып алған.

Сәуір 1, 2024 - 17:39
Сәуір 1, 2024 - 17:40
«2 көлік, бір пәтер алған»: Астаналық келіншек сау баласына ауру деп  жұрттан  ақша жинаған

Қаржылық мониторирг агенттігі өкілі Әлібек Абдиловтың "Талқы" бағдарламасында өзінің “ауру” баласына емге деп ақша жинаған астаналық келіншек туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

4 жылда 1.7 млрд теңге жинап оған өзіне және күйеуіне автокөлік, Астанадан 2 бөлмелі пәтер сатып алған.

“Астана қаласының тұрғыны инстаграм әлеуметтік парақшасы арқылы өзімнің 2019 жылғы ұлымды емдеймін деп ақша жинаған. Бала ресми түрде мүгедектік есебінде тұрған жоқ. 2020 жылдан бастап, оған 360 мың пайдаланушы 1,7 млрд теңге ақша аударған. Ал баланың еміне қажет ақша 50 млн теңге. 

Инстаграм әлеуметтік желісін дамыту үшін күніге 150 мың теңге жұмсап отырады екен. Осы үшін 333 млн теңге жұмсады. 

Жиналған 127 млн теңгесі қолма-қол ақша ретінде банктен алынған. Тауарлар мен қызметтен үшін 101,5 млн теңге алынған. Бұл түк емес. Астана қаласында 2 бөлмелі пәтер сатып алған. Өзіне 2021 жылы шыққан Toyota маркалы автокөлігін, күйеуіне 2021 жылы шыққан Lexus маркалы автокөлігін сатып алған. Бұл азаматша 2014 жылдан бері, күйеуі 2021 жылдан бері ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. 

Аттарында ешқандай кәсіпкерлік жоқ. Баланы емдеу үшін Мәскеуге барып, 3,3 млн теңге, Түркияда 3,1 млн теңге жұмсаған. Жалпы баланың еміне 6,4 млн теңге жұмсаған. Бұл жиналған ақшаның 3-ақ пайызы,- дейді Әлібек Абдилов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow