«Әкесі – экс-депутат»: Алматыда күзетшіні айуандықпен өлтірген жігіттің ісі тоқтатылды
Алматы тұрғыны өзі тұратын тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтіргенін жазған едік.
Алматыда «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін ұрып-соғып, көлікпен бірнеше рет басқан экс-депутаттың ұлын тергеу тоқтатылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Прокуратура пікірі білдірді
Қала прокуратурасының мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу 29 наурыз күні басталған. Алайда іс тоқтатылған.
Қазір қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдады», – делінген ведомство хабарламасында.
Көрсетілген бапқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр сырқаты болған жағдайда тоқтатылады.
Әкесі – экс-депутат, прокурор көмекшісі болған
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 45 жастағы ер адам өзі тұратын тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтіргенін жазған едік. Кейін ол 14-қабаттан секірмек болған еді.
Сондай-ақ кісі қолынан қаза болған күзетшінің отбасына жылу жиналды.
Айта кетейік, күдікті XIII шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты (1994-1995), Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі болып қызмет атқарған Саламғазы Тастандиевтің ұлы екені де айтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?