Қазақстан азаматтарының Байқоңыр қаласына кіруі жеңілдейді

Қараша 3, 2023 - 09:44
Қараша 10, 2023 - 00:48
Қазақстан азаматтарының Байқоңыр қаласына кіруі жеңілдейді
Сурет ашық дереккөзден алынды

2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қазақстандықтардың Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласына кіруі жеңілдейді, деп хабарлайды sadaqmedia аймақтық «Қызылорда» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін Байқоңыр тұрғындарына сырттан келетін туыс-туғанын күтіп алу үшін «режим комиссиясына» кемі 3-4 күн бұрын келе жатқан адамның құжатын тапсырып, рұқсат алатын еді. Шенеуніктердің айтуынша, рұқсат алу үшін тіпті он күн бұрын құжат тапсыру керек болған. Енді 1 желтоқсаннан бастапҚазақстан-Ресей үкіметаралық келісіміне өзгеріс еніп, қазақстандықтардың режимді нысанға кіруі жеңілдейді.

"Үкіметаралық келісім бойынша Байқоңыр халқы сырттан қонақ келетін болса, арнайы режим комиссиясына барып, келісім бойынша он күн бұрын өтініш беруі керек болатын. Сол келісімге өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс жасалды. Пилоттық режимде 1 желтоқсаннан бастап, адамдардың кіріп-шығуына жауапты маман ретінде Байқоңыр қаласы әкімдігінен бір адам отырады. Ол қалаға келген Қазақстан азаматтарына бірден рұқсат қағазын жазып береді.", - дейді Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Парламент қабылдаған құжатқа сәйкес, Байқоңыр қаласын Ресей Федерациясына жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзарған болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow