Смайылов Францияның атом өнеркәсібіндегі көшбасшы компанияның басшылығымен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Orano S. A. компаниясының бас операциялық директоры Николя Мас энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
Бұл кездесу туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, кездесу барысында Үкімет басшысы Қазақстан мен Франция энергетика саласында байырғы стратегиялық әріптес екенін атап өтті.
Айта кетейік, Оrano S.A. – Францияның атом өнеркәсібінің ірі көшбасшы компаниясы. Қызметінің негізгі бағыттары атом энергетикасы, яғни уран өндіру, өңдеу және байыту, ядролық отынды тасымалдау, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.
«Orano – біздің осы бағыттағы маңызды және сенімді серіктесіміз. Компания Қазақстанда 27 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл орайда, “КАТКО” бірлескен кәсіпорны – ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестіктің дәлелі. Біз ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Николас Мас Orano-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылығын білдірді.
«Қазіргі уақытта бізге екі тараптан да өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ете алатын ірі жобалар жетіспейді. Сол себепті бүгін мен қарым-қатынасымызды нақты жобалар негізінде жаңғыртуды ұсынғым келеді», — деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?