Қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетеді

Қараша 2, 2023 - 11:53
Қараша 10, 2023 - 00:48
Қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетеді
Сурет Kazinform сайтынан алынды

Қазақстанда халық саны 20 миллионға жақындап қалды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz  ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып.

1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 19 967 964 адам болған. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 387 957 адам, ауыл тұрғындары – 7 580 007 адам болған. 

«Жыл басынан бері халық өсімі 1,02% немесе 201,1 мың адамды құрады. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана (4,06%) мен Алматы (2,28%) қалаларында және Маңғыстау облысында – (1,94%). Халық өсімінің биылғы қарқынын ескерсек, 20 миллион адам көрсеткіші 2023 жылғы қарашада болады деп күтіліп отыр», - деп хабарлады статбюро.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow