Премьер-министр Митталдың орнына 30 қарашаға дейін инвестор келетінін хабарлады
![Премьер-министр Митталдың орнына 30 қарашаға дейін инвестор келетінін хабарлады](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202310/image_870x_653c9ceb9e79b.jpg)
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды шахтасындағы апатқа байланысты қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды sadaqmedia сайты.
Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін премьер-министр шамамен жарты сағаттай журналистердің сұрағына жауап берді. Үкімет басшысына "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко шахтасындағы жарылыс, компанияның алдағы уақытта тағдыры не болатыны, кеншілердіғ айлығы, салық жөнінде бірнеше сұрақ қойылды.
Премьер-министр АМТ-ны қай инвестор алатынын атамады. Келісім құпия екенін, 30 қарашаға дейін инвестордың аты аталатынын айтты. Смайылов сондай-ақ кеншілердің туған-туыстарынан кешірім сұрады.
"АрселорМиттал Теміртауға" бюджет қаражаты салынбайды. Алдағы үш жылда инвестор ол кәсіпорынға 3 млрд доллар инвестиция салуы керек. Оның 1,3 млрд долларын бірден салғаны талап етіледі, – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)