«14-қабаттан лақтырып жіберемін»: Дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел кетіп қалмауының себебін түсіндірді

Бір шеті кеткің келеді, бірақ оның салдары қандай болатынын түсінесің.

Маусым 3, 2024 - 17:34
Маусым 3, 2024 - 17:35
«14-қабаттан лақтырып жіберемін»: Дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел кетіп қалмауының себебін түсіндірді
Фото: видеодан кадр

10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаш не үшін осынша жыл зорлыққа шыдап жүргенін айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Massaget.kz мәліметінше, Карина Мамаш қателескенін мойындауға ұялған.

"Ол менің таңдауым болды ғой. 15 жасымда ол адамға қатты ғашық болып қалдым. Ол басқа адам болып шыққанын мойындаудан ұялдым", - дейді Карина Мамаш Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында.

Карина Мамаш қай сәтте "махаббат біткенін" түсінгенін айтты.

"Бір кезде жақсы, бір кезде жаман сәт болады. Мен кетуім керегін түсіндім. Ол жұмысқа шыққан кезде балаларды алып, анама кетіп қалатын кезді күттім. Ол маған мас күйде "күтпеген жерден жамандық жасаймын, сені тек о дүниеге жіберемін, бірақ оны басқа біреу істейді. Сенен ажыраспаймын да, балаларды да алмайсың. Не менікі боласың, басқа ешкімдікі болмайсың. Сені не қасқырлар жеп тастайды, немесе 14-қабаттан лақтырып жіберемін" деді. Бұл өте қорқынышты сезім. Бір шеті кеткің келеді, бірақ оның салдары қандай болатынын түсінесің. Себебі ол адам өлтіруге дайын", - дейді Карина Мамаш.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow