«Қырғын келсе быламықтан да тіс сынады»: Белгілі блогер дүрліккен халық туралы

Әр қазақ менің жалғызым деп жүргендер халықтың басына күн туған кезде өз бастарын ойлап кетеді.

Наурыз 4, 2024 - 15:14
Наурыз 4, 2024 - 15:18
«Қырғын келсе быламықтан да тіс сынады»: Белгілі блогер дүрліккен халық туралы
Фото: irisbala__ikrambai_official инстаграм парақшасынан

4 наурыз сағат 11:22 кезінде Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаладан соң шошынған халық далаға дүрліге қашты, сәйкесінше такси бағасы да орта есеппен 1,5-2 есе өсті. Осы орайда блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Алматының көшелерінің бәрі - кептеліс. Жер сілкінсе, басқа да бірдеңе болса кептеліп қалады. Бәрінің осылай қас қылғандай болатынына кейде таңданамын. Жер сілкіне қалып еді жер үйлер қымбаттады. Құрбан айт кезінде қой қымбаттайды, ораза жақындаса құрма қымбаттайды, жаңа жылда мандарин мен майонез қымбаттайды. Әр қазақ менің жалғызым деп жүргендер халықтың басына күн туған кезде өз бастарын ойлап кетеді. Такси жүргізушілері ақша көріп қалуды ойлайды. Біреу өлмей, біреуге күн жоқ деген осы". 

Сондай-ақ блогер, қырық жыл қырғын болса да, ажалды өліп, қырғын келсе быламықтан да тіс сынатынын еске салды.

Айта кетейік, сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың сөзінше, афтершоктар қайталануы мүмкін, бірақ қуаты аз болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow