Ел билігінің өкілдері Украина бойынша Бейбітшілік саммитіне бара ма

Журналистер бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтан Бейбітшілік саммитіне Қазақстан қатыса ма деп сұраған.

Маусым 3, 2024 - 17:14
Маусым 3, 2024 - 17:14
Ел билігінің өкілдері Украина бойынша Бейбітшілік саммитіне бара ма
Фото: gov.kz

Швейцарияда 15-16 маусым күндері өтетін Бейбітшілік саммитіне Қазақстаннан өкілдер бара ма? Бұл сұраққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Журналистер бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтан Бейбітшілік саммитіне Қазақстан қатыса ма деп сұраған.

"Бұл саммитке еліміздің қатысуы халықаралық іс-шаралар кестесімен осы мәселе бойынша Қазақстанның ресми ұстанымына қарай қаралатын болады. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Украинамен де, Ресеймен де тарихи, тығыз саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды қолдайтынын атап өткім келеді. Біз әрқашан барлық елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау және БҰҰ жарғысы қағидаттарын орындау тұрғысынан сөйлейміз. Осы жағдайда біз халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысы қағидаттары негізінде бұл қақтығысты осы елдер арасындағы екіжақты қатынастар деңгейінде, тек бейбіт жолмен дәйекті шешуді қолдаймыз", – деді Смадияров.

24 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Харьковте Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан журналистеріне берген сұхбатында Швейцарияда өтетін "Жаһандық бейбітшілік саммитіне" Орталық Азия басшыларының қатысқанын қалайтынын мәлімдеген еді. Швейцария 15-16 маусым күндері өтетін саммитке әлемнің 160-тан астам елі мен халықаралық ұйымдарын шақырған, Зеленскийдің айтуынша, шамамен 80 ел саммитке қатысатынын растаған. Тізімде Ресей президенті Владимир Путин жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow