Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус көпірден өзенге құлап кетті (ВИДЕО)

Мамыр 10, 2024 - 23:28
Мамыр 11, 2024 - 09:28
Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус көпірден өзенге құлап кетті (ВИДЕО)

Санкт-Петербургте ішінде 20-ға жуық жолаушылары бар автобус Мойка өзеніне құлап кетті. Бұл туралы Sadaqmedia.kz ақпарат порталы РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тараған видео кадрларында автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай бірнеше көлікке соқтығысқан. Кейін көлік көпірден құлап кеткен. Нәтижесінде 7 адам қайтыс болды. 

Деректерге сай, оқиға салдарын жоюға құтқарушылар, жедел жәрдем, қалалық әкімшіліктің және денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері жұмылдырылған. 

Автобус су астында шамамен бір сағат жатқан.

ІІМ басқармасы 44 жастағы жүргізуші ұсталып, одан күдікті ретінде жауап алынғанын хабарлады. Қалалық соттардың біріккен баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус 2022 жылдың қаңтарынан бастап 23 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған "Такси" компаниясына тиесілі. Қазір кешенді тексеру жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow