Әлихан Смайылов журналистердің алдына неге шықпады?

Қазан 31, 2023 - 14:39
Әлихан Смайылов журналистердің алдына неге шықпады?

Бүгін Үкімет отырысынан кейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев,  Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты. 

Журналистер «Қарағанды шахтасында 46 адам қаза тауып, қаралы күн жарияланды. Осындай кезде премьер-минитср Әлихан Смайылов неге пресс-конференцияға шықпады?» деп Тамара Дүйсеноваға сұрақ қойды.

«Премьер-министр мемлекеттік комиссияның басшысы екенін білесіздер. Сондықтан да комиссияның жұмысын аяқтай келе осы іс бойынша барлық мәселені өздеріңізге жеткізеді. Сол себепті комиссияның жұмысын күткендеріңіз дұрыс шығар деп ойлаймын. Қазір сіздерге қажетті ақпараттарды жеткізу үшін әріптестерімізбен бірге жедел шықтық», – деді ол.


Сондай-ақ БАҚ өкілдері вице-премьерге «Премьер-министр журналистердің алдына шығу үшін қанша адам қаза табу керек?» деп сұрақ қойған болатын. 

«Мен сізге қайталап айтайын, бұл адамның санына байланысты емес қой. Қазір әріптестеріміз ол кісінің 7 комиссия бойынша жүргізілген жұмыстарды қарап, олардың есебін тыңдап жатқанын айтты. Сол комиссияның жұмыстары бойынша ол міндетті түрде  өзінің пікірін комиссия төрағасы ретінде жеткізеді», – деді Тамара Дүйсенова 


Жалпы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов журналистердің алдына сирек шығады. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи осы оқиғадан кейін "Үкіметтің елге қарауға беті жоқ" деген пікірін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow