“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының атауы өзгереді - министр

Қазан 31, 2023 - 14:00
Қараша 1, 2023 - 09:47
“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының атауы өзгереді - министр

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атауы өзгереді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге брифинг өткізген Өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz. 

Бір қызығы, Шарлапаевтың мәліметіне сүйенсек, компанияны Қазақстан үкіметіне беру туралы келісімге 2023 жылдың 22 қазанында қол қойылған. Арада алты күн өткенде, компанияға қарасты Костенко шахтасында 46 кеншінің өлімін жалмаған апат болды. 

Осы апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясынан шетелдік инвесторды шығарып, оны Үкіметтің басқаруына беруді тапсырған болатын. 

Енді Шарлапаевтың айтуынша, компанияға шетелдік инвестор тарту көзделмейді және бұрынғы инвестор Лакшми Миттал компаниядан кететіндіктен, оның атауы өзгереді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow