«Өз неммен келдім»: желіде алып қашқан қалыңдықтың қолхат жазған сәті жарияланды
Қалыңдыққа хат жаздырған сәтті желі қолданушылары қызу талқылады.
Instagram желісінде алып қашқан қалыңдықтың туыстарына қолхат жазған сәті жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалыңдыққа күйеуінің туыстары хат жаздырған сәті желі қолданушылары тарапынан қызу талқыға түсті.
«Өз неммен келдім. Ешқандай ешкімге нем жоқ», - деп жаз дейді видеода. Міне осы қолхатқа байланысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Неғылса неғылмандар, қаламын», «Бір том кітап беріңдерші, оқып шықсын жеңгетайымыз», «Не хат бұл? Нем жоқ нем бар деп… Неге сонша сауатсызбыз?», «Сөз қоры көп екен», - деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?