Алматы облысында сел жүріп, үйлерді су басты

15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды.

Шілде 16, 2024 - 09:59
Шілде 16, 2024 - 10:06
Алматы облысында сел жүріп, үйлерді су басты
фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, 15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды.

«ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан су сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Жағдайға мониторинг жалғасуда», делінген хабарламада.

Бұл іске ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow