«Қазақтың арсыз тойлары бітсін!»: Серік Абас-Шах қазақтың аста-төк тойына қарсы шықты
Белгілі журналист Серік Абас-Шах Бақтыгүл Маханбетова есімді әлеуметтік желі пайдаланушысының қазақтың аста-төк тойын тоқтату керек деген пайымына қолдау білдірді, деп жазады Caravan.kz.
«Дарақылық шектен асты! Тойбизнеспен нан тауып жүргендер ренжісе қайтейін, ондай есірік тойлардың болмағаны жөн. Ресторандар мен кафелерді жауып тастаса да, көңілім баяғыдай. Тойдан күнін көріп жүргендер “қазақтың тойы бітпесін” деп тілейді.Бос мақтан, құр шығын, ысырап пен кедейшіліктен арылтпайтын, өмір бойы кредиттен көз ашпайтын қазақтың арсыз тойлары бітсін! Өтірік күліп, іштей жаратпай, көпшілігі амалдың жоғынан баратын тойлардың болғанынан болмағаны жақсы. Өтірік, ойдан құрастырған дәстүрмен қып-қызыл шығынға ұшырататын небір “тоғыздарды”, құйтырқы шоуларды ойлап тауып жатқан, аузына не келсе соны айтатын асабасы бар тойбизнес тоқтаса тоқтап қалсын! Мені құр мал шашпақ, мәнсіз, айғай-шу тойларыңа шақырмай-ақ қойыңдар, қазақтар! Болып жатса (қуаныш), отбасылық қызықшылығымды өз шаңырағымда тек жақындарымның ортасында ғана тойлатамын, бұйырса», - деп ол өзінің парақшасында.
Журналистің оқырмандары да, оның ішінде асаба қызметін атқаратын азамат та жоғарыдағы пікірге қолдау білдірді:
«Той басқарып жүргеніме 20 жыл болды. Осы жазылған пікірге мен де жүз пайыз қосыламын. Дарақы аста-төк тойды тоқтату керек», «Автормен 500 пайыз келісемін, ысырапшылдық, бос даңғаза, мақтаншақтық. Қазіргі жастар да үйреін алған той жасауды. Әр нәрсенің орны бар. Қазақтың сенбі- жексенбідегі уақыты той мен тағы да басқа шараларға кетеді. Кредиттен көз ашпайды сосын», «Біздің қазақта сүндет пен үйлену той жетер еді…басқа тойларды үйде өз туысқандарымен атаған дұрыс», деген оқырмандардың бірі.
Сіздің реакцияңыз қандай?