Ермек Маржықпаев қызметінен босатылды
Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Ол Туризм және спорт министрі лауазымына 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оған дейін Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?