«Жүрегі жылап тұр»: Желіде әскердегі ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаздың бейнежазбасы тарады
Бейнежазбаны Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің басшысы майор Нұрбол Шалабаев түсірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жас сарбаздың жыларман күйдегі бейнежазбасы желіде тарап, екі миллионнан астам қаралым жинаған.
Александр Землянкин 1 маусымда Маңғыстау облысындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған екен. Алайда туыстары келе алмапты.
Өзі Щучинск қаласының тумасы. Анасы ұлын жалғыз тәрбиелеп өсірген. Александрдың екі қарындасы бар. Анасы отбасын асырау үшін жұмыс істеп, Ақтауға жете алмаған.
@army_aktau Удачи тебе солдат, все еще впереди!!! Не грусти мы стобой!!! #армия#присяга#солдат#служба#родители#любовь#врек#втоп#разлука#мама ♬ оригинальный звук - SADRADDIN
Сіздің реакцияңыз қандай?